Пікірталастың қайда, қашан, қандай болатыны кейінірек айтылады.
ERNUR.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев президентке кандидаттардың өзара дебаттарын телеарналардың тікелей эфирінде көрсетуге дайындық жүріп жатқанын айтты, деп жазады kaz.zakon.kz.
– Менің білуімше, теледебаттар болады. Және ол тікелей эфирде өтеді, – деп хабарлады ол.
Алайда министр дебаттардың тақырыбы, онда қандай сұрақтар қойылатынын нақты айтпады.
– Теледебат болғанда, кандидаттар өзара сөз таластырады. Оның қайда, қашан, қандай форматта өтетіні кейінірек белгілі болады, – деді Абаев.