Қазақстанда Ресей салатын мектептерде ресейлік мұғалімдер жұмыс істемейді - СІМ

0
425

Мектеп салынатыны рас.


Қазақстанда Ресей салатын мектептерде ресейлік мұғалімдер жұмыс істемейді - СІМ

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров кезекті брифингіде еліміздің оңтүстік өңірлерінде Ресей есебінен салынатын мектептерде ресейлік педагогтер жұмыс істемейтінін мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Мектеп салынатыны рас. Оны өздеріңіз білесіздер. Екі мемлекет басшыларының сапарлары кезінде талай талқыланды. Оның бәрі жазылды. Бірақ мұғалімдер алып келеді немесе басқа педагогтер келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені ол жалған ақпарат», - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, ол Ресей тарапы ондай мәліметтерді өз ресурстарынан өшіріп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі таңда Ресей тарапы ол ақпаратты өздерінің сайттарынан алып тастады – жалған болып шыққан ғой. Демек, Ресей есебінен мектептер салынады. Бірақ бүкіл кадрлар өзіміздікі болады. Ресейден ешқандай да мұғалім келмейді», - деді Айбек Смадияров.