Қазақстанда салынатын АЭС-та қанша адам жұмыс істейтіні белгілі болды

0
439

Сарапшылар АЭС салуға 10 жылдай уақыт кететіндіктен кәсіби мамандар тобын дайындауға болады деген пікірде.


Қазақстанда салынатын АЭС-та қанша адам жұмыс істейтіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда салынатын АЭС-ке техникалық қызмет көрсетуге біздегі мамандар жеткіліксіз болады. Ұлттық ядролық орталығы директоры мәселені қалай шешу керектігін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ұлттық ядролық орталығының бас атқарушы директоры Ерлан Батырбековтың айтуынша, бір қондырғысы бар атом станциясы үшін орта есеппен 700-ге жуық адам жұмыс істейтін көптеген персоналды даярлау керек.

«Соған қарамастан Қазақстанның жоғары оқу орындарында атом электр станцияларын пайдалану жөніндегі негізгі мамандар қазірдің өзінде диплом алып жатыр. Бұл физиктер, энергетиктер, электриктер, автоматика, аспап жасау саласындағы мамандар.
Айта кетерлігі, таңдалған реактор қондырғысының түріне байланысты оның конструкторлары мен өндірушілері мамандарды оқытудың мамандандырылған бағдарламасын ұсынады. Атом электр стансасының құрылысы мен іске қосылуына шешім қабылданған сәттен бастап кемінде 10 жыл қажет екенін ескерсек, осы уақыт ішінде бұрыннан бар іргетастарды ескере отырып, кәсіби мамандар тобын дайындауға болатыны анық», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, ядролық энергетика саласында Қазақстанның тәжірибесі мол.

«Бұл біз үшін жаңа нәрсе емес. Ақтауда 1973 жылдан 1999 жылға дейін әлемдегі бірінші өнеркәсіптік жылдам нейтрондық БН-350 реакторы сәтті жұмыс істеді. Қазіргі уақытта 3 ғылыми-зерттеу реакторлары табысты жұмыс істеуде. Ядролық физика институтында ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұрғысынан ғылыми-зерттеу реакторларына энергетикалық реакторлардан кем емес қатаң талаптар қойылады. Бұған қоса, Ұлттық ядролық орталығы шетелдік ұйымдармен және қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, кадр даярлауға үлкен көңіл бөледі. Кәсіпорын базасында университет кафедраларының филиалдары табысты жұмыс істейді, - дейді Ерлан Батырбеков.