​ Қазақстанда шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді

0
414

Бұған дейін шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер жеке табысы туралы декларацияны толтыруы керек деген шешім қабылданған болатын.


​ Қазақстанда шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді

ERNUR.KZ. Елімізде шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілердің жеке табысын жариялауы 2025 жылға дейін тоқтатылды, деп жазады stan.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қазір өткен жылдың табысы бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілетіндер және олардың жұбайлары есеп беріп жатқанын айтты.

“Иә, бұған дейін шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер жеке табысы туралы декларацияны толтыруы керек деген шешім қабылданды. Олардың қатарында саяси қызметкерлер, А корпусына жататын қызметкерлер, депутаттар және тағы басқалар болды. Дегенмен аталған норма 2025 жылдың қаңтарына дейін тоқтатылды және әзірге бұл мәселе қаралып жатқан жоқ", - дейді ол.

Спикердің түсіндіруінше, аталған нормаға ешқандай өзгерістер енгізілмесе, онда шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыстарын көпшілікке жариялауы тиіс.