Қазақстанда соңғы қоңырау қалай өтетіні белгілі болды

0
1 005

Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі.


Қазақстанда соңғы қоңырау қалай өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Соңғы қоңырау аясында мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі. Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылмақ. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады. Сонымен қатар, екі нұсқа ұсынылып отыр, яғни сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу қарастырылған. Қажет деп санаса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады», - Ш. Каринова министрліктің аппарат жиналысында.

Мұнымен қоса ол оқу жылының аяқталуына байланысты педагогикалық қағидатты сақтау үшін әртүрлі сыйлықтарды алуға рұқсат етілмейтінін еске салды.

«Жалпы, соңғы қоңырауды өткізудің негізгі мақсаты – барлық мектеп оқушылары үшін белгілі бір сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа өту және жазғы демалыстың басталуы. Ал мектеп түлектері 9 және 11 сыныптар үшін мектеп бітіру іс-шарасы болып саналады. Атап айтқанда, штаттық режимде (соңғы қоңырау) өткізілетін жағдайда барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі назарға алуы тиіс. Әр оқушымен, әр мектеп бітірушімен келетін ата-ананың саны бірден аспауы керек. Мұның өзі санитарлық талаптарды сақтауға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.