Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында Астанадағы сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығының үш сарапшысы Беларусь елінде тағылымдамадан өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстанда сот-сексологиялық сараптамасы енгізіліп жатыр. Бұл туралы Әділет министрлігі ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Уәлидің айтуынша, министрлік адамның жеке басына қарсы, оның ішінде сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының өсуіне байланысты, сондай-ақ халықаралық тәжірибені талдау нәтижелері бойынша сот-сексологиялық сараптаманы енгізу жұмысын бастаған.
"Сот-сексологиялық сараптамадағы зерттеу мәні - заңды маңызы бар және белгілі бір құқықтық салдарға әкеп соғатын жыныстық рөлдік функцияларды қалыптастыру және жыныстық белсенділікті жүзеге асыру заңдылықтары мен ерекшеліктері болып табылады. Сараптама жүргізу шеңберінде адамның психологиялық портреті жасалатын сұрақтар қойылады - жыныстық/психосексуалдық дамудағы ауытқуларды, жыныстық саладағы патологиялық жетектерді анықтау мақсатында", - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі.
Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында Астанадағы сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығының үш сарапшысы Беларусь елінде тағылымдамадан өтті. Қазіргі уақытта тиісті әдістеме әзірленіп жатыр.