Рақымжан Ерназар Қазақстан индустрияны дамыту институтының стратегиялық жобалар орталығының директоры болған.
ERNUR.KZ. Рақымжан Ерназар Президент әкімшілігінде Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, бұған дейін Рақымжан Ерназар Қазақстан индустрияны дамыту институтының стратегиялық жобалар орталығының директоры болған.