Қазақстанда су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасы құрылады

0
732

Ақпараттық жүйе 2024 жылғы 3 тоқсанда өндірістік пайдалануға беріледі.


Қазақстанда су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасы құрылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасы құрылады. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Министрлік "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасын әзірлеп жатыр. Бұл бірыңғай су кадастры бойынша су нысандарының деректерін, гидротехникалық ғимараттар, су бассейні учаскелері, гидропосттарға ғарыштық мониторинг жүргізуге, электрондық форматтағы паспортын көруге мүмкіндік береді және су шаруашылығы субъектілерінің есебі автоматтандырылады", - деді Нұржігітов үкімет отырысында.
Ақпараттық жүйе 2024 жылғы 3 тоқсанда өндірістік пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, 3,5 мың шақырымнан астам каналды цифрландыру және суару жүйелерінің су есебін автоматтандыру жоспарланып отыр.
Елдің су-ресурстық әлеуетін есепке алу және болжау жүйесін дамыту, су ресурстарын басқару мен жоспарлаудың ақпараттық жүйелерін жетілдіру мақсатында су ресурстары министрлігі жанынан су ресурстарының Ақпараттық-талдау орталығы құрылады, деп атап өтті ведомство басшысы.