Қазақстанда сүт қымбаттады

0
2 651

Республика бойынша қаңтарда сүт 0,4 пайыз, ал 2020 жылы 9 пайыз қымбаттаған.


Қазақстанда сүт қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2020 жылы сүт бағасы 9 пайызға көтерілді. Сарапшылар елдегі сүт өндірісінің жағдайы туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Зерттеушілердің айтуынша, республика бойынша қаңтарда сүт 0,4 пайыз, ал 2020 жылы 9 пайыз қымбаттаған.

Қазақстан 2020 жылы 598,5 мың тонна сүт пен кілегей өндірді. Бұл былтырмен салыстырғанда 7,5 пайызға көп. Ал 2021 жылдың қаңтарында республикада сұйық сүт пен кілегей өндірісі 49,7 мың тоннаға артты, былтырғыдан 10,5 пайыз көп.

"Өңірлер бойынша барлық сүт өндірудің үштен бірі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі: 16,2 мың тонна. Одан кейін Алматы және Ақмола облыстары тұр", - деп жазды мамандар.

2021 жылдың қаңтарында сиыр сүті былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,8 пайызға артық өндірілген.

"Өңірлерге бөлгенде жалпы көлемнің жартысы Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі болды. Солтүстік Қазақстан облысы 7,7 пайыз қана сиыр сүтін өндірген, - деп толықтырады сарапшылар.

Осы кезеңде сүт пен кілегей импорты да жылына 28,7 пайыз артты. Елде сиырдың шикі сүтін өндіру бір жыл ішінде 5,9 пайызға азайды. Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары алда тұр.