Қазақстанда сүт қымбаттайды

0
643

Енді өнімнің өзіндік құны 29 процентке көтерілмек.


Қазақстанда сүт қымбаттайды

ERNUR.KZ. Елде сүт те қымбаттайды. Қазақстандық сүт өндірушілер осындай болжам жасады. Оған Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сай тауарды таңбалаудан өткізу түрткі болды, деп жазады 24.kz.

Жағдай әсіресе шығыс қазақстандық кәсіпкерлерді қатты алаңдатады. Айтуынша, енді өнімнің өзіндік құны 29 процентке көтерілмек.

Өйткені құрылғы сатып алуға кететін қаражат бағдарламалық қамсыздандыру, таңбалауға қажет материалдар мен жұмыс күшіне төленетін еңбекақы және өзге де шығындарды өтеу қажеттігі туды. Сондықтан жаңа жүйені енгізу үшін кәсіп иелеріне қаржылай көмек керек.

Кәсіпкер Анне Аберленің пайымынша, бастапқы күйде бағасы өскен тауардың тұтынушыға жеткенге дейінгі құны тіптен шарықтайды. Шамамен 40-50 процент қосылады. Демек, бүгінде сүттің литрі орташа 420 теңгеден саудаланса, бұдан былай ол 600 теңге болуы мүмкін.