Қазақстанда тағы бір облыс "қызыл аймаққа" енді

0
591

Барлық өңірде COVID-19-бен ауыру жағдайларының артқан.


Қазақстанда тағы бір облыс

ERNUR.KZ. Қазақстанда тағы бір облыс "қызыл аймаққа" енді, деп жазады Tengrinews.kz.

Премьер-министр Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.

Сонымен қатар барлық өңірде COVID-19-бен ауыру жағдайларының артқаны байқалады.

Дереккөз мәліметінше, вирустың репродуктив индексі республика бойынша – 1,2, инфекциялық төсек орындарының толтырылуы - 21 пайыз, реанимациялық төсек орындарының жүктемелігі - 17 пайыз.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары - қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары - сары аймақта.

Денсаулық сақтау министрлігіне:

Барлық медициналық қызметтердің орталық және өңірлік деңгейде сырқаттанушылықтың ықтимал өсу жағдайына толық дайындығын қамтамасыз ету;

Халықпен шектеу шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;

Шекара қызметімен, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының шақыру құжаттарына бақылауды күшейту;

Әділет министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, ҚР аумағында емделу үшін шетел азаматтарына шақыру беруге уәкілетті, өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін айқындау тапсырылды.