Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін бе

0
435

Министрдің айтуынша, әлеуметтік желідегі материалдарда құқықбұзушылық фактілері көбейіп кеткен.


Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін бе

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-ты бұғаттау туралы пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің айтуынша, АҚШ және Еуропаның бірқатар елдері TikTok желісін шектеген.
"Біз көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Шынымен де қазіргі таңда әлеуметтік желідегі материалдарда құқықбұзушылық фактілері көбейіп кетті. Мұның бәрі біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етсе, әлбетте осындай шаралар қабылдауға тура келеді", деді Балаева мәжіліс кулуарында.
Ол бұл мәселе әлі шешілмегенін, алдымен, қарастырылып, кейін жалпы талқылауға шығарылатын сұрақ екенін атап өтті.