​Қазақстанда тіркелген көліктердің басым бөлігі - ескі

0
1 030

Биылғы қаңтар-наурызда Қазақстан аумағында 4 электромобиль тіркелген екен.


​Қазақстанда тіркелген көліктердің басым бөлігі - ескі

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 3 айында Қазақстанда 300 мыңнан астам автокөлік тіркеуге қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары тіркеуге 323 988 автокөлікті қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13,8 пайызға артық. Оның ішінде 305 460-сы екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Өсім 2018 жылмен салыстырғанда 13,4 пайызға жетті. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 18 528-ді құрады. Ол өткен жылғыға қарағанда, 21,1 пайызға жоғары», - деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

Биылғы қаңтар-наурызда Қазақстан аумағында 4 электромобиль тіркелген екен.

«ҚазАвтоӨнеркәсіптің» хабарлауынша, есепті кезеңде қайта тіркелген көліктердің үштен екісінің астамын (70,7 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған.

Атап айтқанда, 20 жылдан асқандардың үлесі 131 882 (43,2 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер 27,5 пайызды (84 087 көлік) құрады. Ал 4-тен 7 жылға дейін - 60 597 (19,8 пайыз), 8-ден 10 жылға дейін - 18 088 (5,9 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көліктер саны 10 322-ге жетті. Сонымен қатар, пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 0,2 пайыз (484 көлік) болды.

«Келісімшарт рәсімдеріне қарағанда, отандық автопарктің ескіруінің үрдісі орын алғанын байқатып отыр», - делінген «ҚазАвтоӨнеркәсіп» хабарламасында.