Қазақстанда туберкулезбен ауыратындар саны азайып келеді

0
2 053

Аурудың төмендеуіне оның алдын алумен күресте жоспарлы иммундауды жүзеге асырудың көпжылдық тәжірибесі зор әсер еткен.


Қазақстанда туберкулезбен ауыратындар саны азайып келеді

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының аса қауіпті, трансмиссивті және зоонозды инфекцияларға мониторинг және талдау жасау бөлімінің басшысы ӘсемКүмісбаева 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 7,8% - ға төмендегенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Маман туберкулез проблемасы өте өзекті және ерекше назарды қажет ететіндігін атап өтті, өйткені әлеуметтік сипаттағы бірқатар мәселелерді шешуде кешенді тәсілді талап етеді.

"Аурушаңдық деңгейі тұрғын үй, өндірістегі еңбек жағдайларына, халықтың материалдық әлеуетіне, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайына, әркімнің салауатты өмір салтын сақтауына тікелей байланысты", - деді ол.

Сонымен қатар, маман Қазақстанда өкінішке орай туберкулезден еңбекке қабілетті жастағы адамдар қайтыс болатындығын да атап өтті.

Балалар арасында аурушаңдық деңгейі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және еліміздің 10 облысында өскені байқалып отыр.

"Туберкулез қоздырғыштары-микобактериялар. Инфекцияның көзі туберкулезбен ауыратын адам, сондай-ақ осы аурумен зақымданған ірі қара мал болып табылады. Науқас туберкулез таяқшаларын жөтелгенде, түшкіргенде, сілекеймен, қақырықпен, түкірікпен сыртқы ортаға бөледі. Дені сау адамдар туберкулезді жұқтыруы науқастың сілекей тамшылары мен қақырығы бар ауаны, сондай-ақ туберкулез таяқшасымен ұрықтанған шаң бөлшектерін жұтқан кезде болады. Сондай - ақ, туберкулез ауруымен ауыратын сиырлардан шикі сүтін ішкенде жұғуы мүмкін", - деп хабарлады маман.

Әсем Құмысбаеваның айтуынша, бұл ауру кез келген органда – өкпеде, бүйректе, ішекте, сүйекте және буындарда, ми қабықтарында дами алады. Бірақ жиі тыныс алу органдары зақымданады.Бір адамда туберкулез қатты, жоғары температурамен, жөтелмен және қақырықпен өтеді. Басқаларында-әлсіздікпен, шаршағандықпен, 37,0 º – 37,5 º жоғары емес температурамен, шамалы жөтелумен қатар жүреді.

Маман қауіп - қатер тобына алкогольді шектен тыс пайдаланатын, темекі шегетін және бас бостандығынан айыру мекемелерінен оралған адамдар кіретінін айтты.

Әсем Күмісбаеваның айтуынша, әр науқасты емдеуге көп қаражат кетеді.

"Неліктен дәрігерлер емдеу, салауатты өмір салтын жүргізу қажеттігіне сендіруі керек, неліктен науқас өз денсаулығына алаңдамайды? Әркімнің денсаулығы-оз қолында екендігін ұмытпау керек", - дейді ол.

Туберкулезбен ауыратын науқастар ұзақ уақыт бойы үздіксіз емдеуге жатады. Емдеу ұзақтығы аурудың түріне байланысты төрт айдан бір жылға дейін және одан да көп болады. Демек, емдеу тиімділігіне ерте диагностикалау және уақтылы басталған ем алу өте маңызды.

"Туберкулезбен ауыратындардың арасында жұмыс істемейтін халықтың айтарлықтай үлесі бар – бұл біздің заманымыздың проблемаларының бірі. Осы адамдардың көпшілігі бірнеше ай бойы ем ала бастап, өз еркімен стационардан кетеді. Бұлқадам емдеу шараларының тиімсіздігі және аурудың тез дамуына әсер етеді. Осы жағдайда қандай сауығу туралы әңгіме болуы мүмкін? Емін толық алмай, стационардан кетіп қалған науқас өте қауіпті. Бірінші кезекте жақын туыстары мен таныстары зардап шегеді, байланыста болған адамдардың науқастануы әдеттегіге қарағанда 3-4 есе жоғары болады", - деді бөлім басшысы.

Сөз соңында, Әсем Күмісбаева аурудың алдын алу әдістері туралы әңгімеледі.

"Егер сіздің ортаңызда-туыстарыңыз, достарыңыз немесе әріптестеріңіздің арасында туберкулез ауыруының белгілері болса, оған дәрігерге қаралуға кеңес беріңіз.

Өкпе туберкулезін дер кезінде анықтау мақсатында барлық ересек тұрғындар мен жасөспірімдер жыл сайын флюорографиялық әдіспен тексерілуі тиіс, балаларда Манту сынамасы жүргізіледі. Туберкулез-қауіпті, бірақ емделетін ауру. Дер кезінде дәрігерге қаралып, емделген адам сырқаттың ауыр зардаптардан құтыла алады", - деді ол.

Сондай-ақ, маман ағзаңыздың қорғаныс күшін әлсірететін жағдайлардан аулақ болу керектігін, жақсы және толыққанды тамақтанып, спортпен шұғылданып, темекі шекпеуге және алкогольді шамадан тыс пайдаланбауға, өзіңіз туратын бөлмені жиі желдетіп, таза ұстауға кеңес береді.