Наурыздағы ҰБТ-ның сертификаты жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге жарамды.
Қазақстанда университеттің ақылы бөліміне түсу үшін наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол бірінші рет электронды форматта өткізіліп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тестілеуді өткізу кестесіне сәйкес бүгін еліміздің 12 аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында тестілеу 12 наурызда, Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында 15 наурызда басталады" - делінген хабарламада.
Наурыздағы ҰБТ-ның сертификаты жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге жарамды.