Қазақстанда ұлттық құрама командаларды жасақтау ережесі өзгерді

0
576

Бұған дейін құрамалар тек чемпиондар мен жүлдегерлерден ғана жасақталған болатын.


Қазақстанда ұлттық құрама командаларды жасақтау ережесі өзгерді

ERNUR.KZ. Елімізде ұлттық құрамаларды жасақтаудың жаңа ережесі енгізілді, деп жазады stan.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, енді құрамаға жылдың басты республикалық және халықаралық жарыстарында 1-ден 8-ге дейін орын алған спортшылар қабылданады.

Бұған дейін құрамалар тек чемпиондар мен жүлдегерлерден ғана жасақталған болатын.

"Бұл өзгеріс бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарысы, таеквондо WTF спорт түрлеріне қатысты", – деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің нақтылауынша, спорттық ойын түрлеріне де осы тәртіп қолданылады, бірақ негізгі және қосалқы командаларға жылдың басты республикалық және халықаралық турнирлерінде 1-ден 10-орынға дейін иеленген спортшылар шақырылады.

"Біз дарынды спортшылар үшін ұлттық құрама қатарына қосылу мүмкіндігін ұлғайтуымыз керек деп санаймыз. Әсіресе, болашағынан зор үміт күтетін, тәжірибелі, дарынды, жас спортшылар үшін, оның ішінде ауыл спортшылары үшін бұл да өзін-өзі дәлелдеуге жақсы мүмкіндік. Бұл өзгерістер пайдалы болады және дұрыс бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз", – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.