Қазақстанда утиль алымы бойынша ғылыми зерттеу жүргізу ұсынылды

0
543

Утиль алымды ресурстардың кәдеге жарамдылығына қарай белгілеген дұрыс.


Қазақстанда утиль алымы бойынша ғылыми зерттеу жүргізу ұсынылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда утиль алымы ставкасының қалай есептелуі керектігі және ол үшін ғылыми зерттеу жүргізудің маңыздылығы айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз Үкімет пен министрлікке қайта өңдеушілердің ағымдағы шығындарын негізге ала отырып, утиль алымды қайта есептеуді ұсындық. Сонымен қатар екінші реттік ресурстармен не істейтіндігіне қатысты мәселе тұр. Ол дегеніміз мыс, алюминий, болат, қалдық май, дөңгелек, аккумулятор және тағыс басқа. Көп жағдайда оларды нарыққа екінші реттік материалдық ресурстар түрінде сатып жатады. Сондықтан біз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және қайта өңдеушілердің ресурстарды сатудан қандай кіріс алатындығын және олар қандай шығындар әкелетінін нақтылауымыз қажет. Бұл теңгерімді қайта қарап, бизнес үшін 30-40% рентабельділікпен жағдай жасаған жөн», - деді KazWaste қалдықтарды басқару Қазақстан ассоциациясының басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов елордада өтіп жатқан экология тақырыбына арналған конференция барысында.

Оның айтуынша, утиль алымды ресурстардың кәдеге жарамдылығына қарай белгілеген дұрыс.

«Біз қазір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін алға тартып отырмыз. Бұл нарықта кім жұмыс істейтіндігін, шығындар мен қайта өңдеудің нақты үлесін анықтау үшін қажет. Және аталған шараны «Жасыл даму» мемлекеттік операторы жасауы тиіс деп есептейміз. Мысалы, жеңіл автомобильдің кейбір қалдықтарын қайта өңдеу мүмкін емес. Ол дегеніміз полиуретанды қаптама, поливинилхлорид, оның ішінен автомобильдің белгілі бір бөліктері немесе түйіндері тұрады. Оларды алып тастау экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан оларды айналымға қайтару, қауіпсіз түрде алып тастау немесе субсидиялау керек», - дейді ол.