​Қазақстанда виза беру тәртібі жеңілдетіледі

0
1 458

Қазақстан шетелден шақыруды рәсімдеу және виза беру тәртібін жеңілдетеді деп хабарлайды.


​Қазақстанда виза беру тәртібі жеңілдетіледі

ERNUR.KZ.Қазақстан шетелден шақыруды рәсімдеу және виза беру тәртібін жеңілдетеді деп хабарлайды қазақстандық ақпарат агенттіктері Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Қолданыстағы ережеге енгізілген тиісті өзгерістер шілденің 1-інен бастап күшіне енбек.

"Қазақстанға келетін шетелдіктердің шақыру қағаздарын тапсыру мерзімі қысқартылды. Қазақстан Республикасына келуге шақыру визаны алушының болжамды келу күніне кемінде 5 жұмыс күні бұрын берілуі тиіс. Бұған дейін ол мерзім 14 күн болатын", - деген ІІМ ақпаратынан үзінді келтірілген.

Министрліктің хабарлауынша, шақыруда келетін адамның тұратын жері мен қозғалыс бағыттары көрсетілгендіктен, виза алған шетелдік азаматқа көші-қон органдарында тіркеуде тұру қажет емес.

Қазіргі кезде Қазақстанға ондаған мемлекеттің азаматтары визасыз келе алады. Еуропа Одағы елдері, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің, Біріккен Араб әмірліктері, Малайзия, Монако мен Сингапур азаматтарына Қазақстанға 14 күнге дейінгі мерзімге визасыз келулеріне болады. АҚШ азаматтары Қазақстан территориясында 30 күн визасыз жүріп-тұра алады.