Қазақстанда "Яндекс.Такси"-ге қатысты тексеріс басталды

0
662

Үкімет отырысында ол Бас прокуратураның агенттік қызметкерлерін 102 нарық субъектісін тексеруге, оның ішінде сауда орындарын ұйымдастырушыларды да кірістіргенін айтты.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин төтенше жағдай кезінде "Яндекс" таксилерінің бағасын негізсіз өсіргені үшін тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Үкімет отырысында ол Бас прокуратураның агенттік қызметкерлерін 102 нарық субъектісін тексеруге, оның ішінде сауда орындарын ұйымдастырушыларды да кірістіргенін айтты.

"Сенім телефоны арқылы түскен арыз-шағымдар аясында Агенттік "Яндекс" такси агрегаторына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру дерегі бойынша тексеру жүргізуді тапсырды", - деді Монополияға қарсы агенттік басшысы.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин ведомствоның хабарламаларды орындамағаны үшін "ЕТС-Тендер" тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушыны тексеріп жатқанын жеткізді.