Қазақстанда жаңа комитет құрылды

0
837

​Қабылданған қаулыға сәйкес, қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Дінтану сараптамасы орталығы" таратылды


Қазақстанда жаңа комитет құрылды

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет құрылды, деп жазады sputniknews.kz.

Тиісті қаулыға Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған.

"Сонымен қатар аталған қаулымен 2020 жылдың 29 сәуірінде ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Дінтану сараптамасы орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды", - делінген нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған қаулыда.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырда Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы ауысты. Министрліктің бұрынғы басшысы Дәурен Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін президенттің көмекшісі қызметін атқарған Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.