Қазақстанда жаңа мереке тағайындалуы мүмкін

0
1 800

​Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының қолдауымен өткен Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында айтылды, - деп жазады AIQYN басылымы.


Қазақстанда жаңа мереке тағайындалуы мүмкін

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының қолдауымен өткен Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында айтылды, - деп жазады AIQYN басылымы.

Жиында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Қорғаныс министрлігінің Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнін, яғни 15 ақпанды мерекелік күн ретінде белгілеуді ұсынатынын жеткізді. Бұл мереке «Өзге мемлекеттер аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқан қазақстандық жауынгер күні» деп аталуы мүмкін.

М.Таласов қорғаныс ведомствосы интернационалист жауынгерлердің барлық қоғамдық ұйымдарымен, соның ішінде «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығымен, «Ауған соғысы және жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері Одағымен» тығыз ынтымақтастық құрып, бірлескен жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

– Ардагерлер ұйымдарымен бірлескен қызметті үйлестіру және Отан қорғаушылардың ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады. Осы мақсатта Қарулы күштер Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінде Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі бөлім құрылды, – деді ол.

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі Ауған соғысының алыбы, полковник Борис Керімбаевтың өскелең ұрпақты, әсіресе, жас офицерлер мен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметкерлерін әскери-патриоттық тәрбиелеудегі айрықша орны мен қомақты үлесін тани отырып, «Б.Керімбаев атындағы Қорғаныс министрінің ауыспалы жалаушасын» («переходящий вымпел») тағайындаған көрінеді. Бұл марапат оқу жылындағы жауынгерлік сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы үздік барлау бөлімшесіне салтанатты түрде табысталып отырады.