Халықаралық әуе рейстер Жаңа жыл қарсаңында 12 елде 19 бағыт бойынша орындалатын болады. Сондай-ақ, осы кезеңде жергілікті авиажелілер бойынша ұшу кестесі өзгеріссіз қалады.
ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы ұшақтар кестесін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Халықаралық әуе рейстері 12 елге 19 бағыт бойынша орындалатын болады. Барлығы 54 рейс жоспарланған:
- Біріккен Араб Әмірліктеріне – 16;
- Түркияға – 10;
- Өзбекстанға – 6;
- Беларусь пен Германияға – 4 рейстен;
- Мальдив аралдарына – үш;
- Оңтүстік Кореяға, Нидерландыға, Египетке, Ресей мен Қырғызстанға – екі рейстен;
- Украинаға – бір рейс.
Сондай-ақ, осы кезеңде жергілікті әуе желілері бойынша ұшу кестесі өзгеріссіз сақталады. Рейстердің ұшу уақыты мен күнін әуекомпаниялар мен әуежайдың сайтынан көруге болады.