Шетелдің бес жоғары оқу орнының филиалын ашу жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі «BILIMDI ŪLT» баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын әзірледі деп жазады Azattyq Rýhy.
Бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қабылданған жаңа жобаның бесінші міндеті бойынша сұранысқа ие мамандықтарға білім гранттары саны өсетінін мәлімдеді.
«Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 20 академиялық артықшылық орталығы және Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі озық жоғары оқу орны құрылады. Сонымен бірге, 2025 жылдың соңына дейін шетелдің бес жоғары оқу орнының филиалын ашу жоспарланып отыр», ˗ дейді министр.