Қазақстанда жасалған «Барыс» бронетранспортері сынақтан өтіп жатыр

0
1 613

«Казахстан Парамаунт Инжиниринг» шығарған отандық өнім «Барыс» бронетранспортерінің (БТР) көрсетілім сынақтары басталды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».


Қазақстанда жасалған «Барыс» бронетранспортері сынақтан өтіп жатыр

фото: ҚазАқпарат

«Казахстан Парамаунт Инжиниринг» шығарған отандық өнім «Барыс» бронетранспортерінің (БТР) көрсетілім сынақтары басталды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

ҚР Қорғаныс министрлігінің сарапшылары қазір әскери техниканы қыс мезгіліндегі экстремалды табиғи-климаттық сынақтардан өткізуде. Сынақтан өткізу бағдарламасы түнгі және күндізгі уақыттардағы техникаға орнатылған қарулардан атқылау жұмыстарын қарастырып жатыр, - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.


Бронетранспортердің жоғары бөлігіне 30 миллиметрлік тұрақты 2А42 автоматикалық зеңбірегі және 7,62 мм ПКТ пулеметі орналастырылған. Қаруды түрік компаниясымен бірлескен отандық зауыт жасап шығарған. Заманауи аспаптармен жабдықталған жаңа әскер техниканы «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС оңтүстікафрикалық «Paramount Group» компаниясымен бірлесіп дайындаған.

Отандық БТР көпфункционалды, жылдам, сонымен бірге баллистикалық және минадан қорғанудың ең жоғары талаптарына жауап бере алады. «Барыс» 8х8 тұңғыш рет IV Халықаралық «KADEX » қарулану және әскери-техникалық мүлік көрмесінде таныстырылған.