Қазақстанда жер тексерісіне мораторийді алып тастау жоспарланып отыр

0
605

​Министрлік шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы тексеруді көздеп отыр.


Қазақстанда жер тексерісіне мораторийді алып тастау жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі жер заңнамасының сақталуына бизнесті тексеруге мүмкіндік беретін жарлық жобасын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Президенттің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" жарлығына толықтыру енгізу жоспарланып отыр.
Дәлірек айтқанда, құжат "Қазақстан Республикасының жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу" тармағымен толықтырылады.
Түсіндірме жазбада айтылғандай, 2021 жылғы 26 шілдеде ауыл шаруашылығы министрлігі жарлық қолданылған кезеңде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау не тиімсіз пайдалану мәселелері бойынша тексерістер жүргізу мүмкіндігі үшін "жаппай қауіп" ұғымын айқындау жөнінде ұсынымдар бекітті.
Алайда, "жаппай қауіп" аясында тексеріс жүргізу кезінде жергілікті жерлерде бірқатар мәселе туындайды. Олар қолданыстағы жарлық бойынша тексеріске тыйым салынғанын алға тартады.
Осыған байланысты жарлыққа бизнесті тексеруге мүмкіндік беретін түзету енгізу жоспарланып отыр.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 24 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.