Қазақстанда жұмыс істеген ресейлік дәрігерлер еліне қайтты

0
675

Қазақстан тарапы пандемия індетінің шарықтау кезеңінде уақытылы көмек көрсеткені үшін ресейлік дәрігерлерге шын жүректен алғысын білдірді.


Қазақстанда жұмыс істеген ресейлік дәрігерлер еліне қайтты

ERNUR.KZ. Шілденің басында қазақстандық мамандарға коронавирус инфекциясымен күресуге көмектесу үшін келген ресейлік дәрігерлер жұмысын аяқтап, отанына оралды, деп жазады sputniknews.kz.


"Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин мен Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің келісімі аясында 6 шілдеде Қазақстанға келген ресейлік мамандар тобы коронавирустың таралуына қарсы күресте республикалық және өңірлік медициналық ұйымдарға тәжірибелік және консультативтік көмек көрсету бойынша миссиясын сәтті аяқтады", - делінген елшілік хабарламасында.

Дүйсенбі, 3 тамызда дәрігерлер Ресей ТЖМ арнайы ұшағымен Қазақстаннан кетті.
Оған дейін қабылдаушы тарап бауырлас Қазақстанға пандемияның шарықтау кезеңінде дер кезінде көмек көрсеткені үшін, сондай-ақ республикадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

"Біз де Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылығына ресейлік мамандарды жылы қабылдап, жақсы қарым-қатынас жасағаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз", - деп атап өтті Ресей елшілігі.

Дипломатиялық қызметтің өкілдері "бірлескен жұмыс тәжірибесы екі елдің салалық ведомстволары арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты, мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен Қазақстан және Ресей халықтарының достығын одан әрі нығайтуға қызмет етеді" деген сенім білдірді.
Шілде айының басында анестезиолог-реаниматологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, пульмонологтар, эпидемиологтар COVID-19 індетімен күресу үшін Қазақстанға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша дәрігерлер Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.