Жылдың басынан бағаның ең үлкен өсімі Астана қаласында – 102,2 %, Алматы қаласында – 101,6 %, Ақтөбе қаласында – 101,3%, Тараз қаласында – 101,1%, Орал қаласында – 101%, Атырау және Павлодар қалаларында – 100,9 % байқалады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР АШМ-не сілтеме жасап.

Бағаның негізгі өсуі мына ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиесілі: қырыққабат – жыл басынан өсімі 12,7% (+9,47 тг/85,07 теңге), пияз – 7,4% (+6,75 тг/98,26 тг), картоп-5,5% (+6,3 тг / 121,59 тг), сәбіз – 4,5% (+4,97 тг/118,17 тг), сүт өнімдері: сүт 1,3% (+2,36/200,18 теңге), сары май – 1,1% (+20,5 тг/1906,0 тг), айран – 1,9% (+4,27тг/232,53 теңге), сиыр еті – 1,2% (+17,24 теңге/1485,83тг). Азық-түліктің қалған түрлері бойынша бағаның өсімі шамалы немесе байқалмайды. Сондай-ақ, қарақұмық (-14,8%), күріш (-2,7% – ға), жұмыртқа (1,3% – ға), қант (-0,8 %), ұн мен тұз (-0,2 %) сияқты тауарларға бағаның төмендеуі байқалды.