Мамандар жаңа оператордың нарыққа кіруі бәсекелестікті арттырып, қызмет құнының күрт өсуіне жол бермейді деп есептейді.
ERNUR.KZ. Елімізде жыл соңына дейін төртінші ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері радиожиілік спектрін тарату бойынша аукцион өткізу жоспарланып отырғанын жариялады.
Сауда-саттыққа ниет білдірген компаниялар қатыса алады. Мамандар жаңа оператордың нарыққа кіруі бәсекелестікті арттырып, қызмет құнының күрт өсуіне жол бермейді деп есептейді.