Қазақстандағы 19 жылу-электр орталығы «қызыл» аймаққа енді

0
402

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырсында мәлім етті.


Қазақстандағы 19 жылу-электр орталығы «қызыл» аймаққа енді

ERNUR.KZ. Қалалардың жылу жүйесіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 19 жылу-электр орталығы «қызыл» аймаққа енді, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырсында мәлім етті.

«Энергетика министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойныша құрылған арнайы комиссия жұмысы аясында 37 жылу-электр орталығының техникалық жай-күйіне талдау жүргізді. «Қызыл» аймаққа – 19, «сары» аймаққа - 11, «жасыл» аймаққа – 7 ЖЭО кірді», - деді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент елдегі 19 жылу электр орталығын жаңғыртуға 90 млрд теңге қажет екенін айтқан.