Қазақстандағы ипотека: Әлемдегі ең қолжетімсіз несиелердің бірі болып шықты

0
610

Ең қолжетімді ипотеканы Жапонияда алуға болады.


Қазақстандағы ипотека: Әлемдегі ең қолжетімсіз несиелердің бірі болып шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандағы ипотеканың орташа мөлшерлемесі әлемдегі ең жоғарылардың бірі екен – 15,83%. Қолжетімсіз несиелер тек тоғыз елде ғана беріледі, деп жазады ulysmedia.kz.

Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұрғаны белгілі. Бір адамға орта есеппен 23,4 шаршы метр тұрғын үйден келеді. Ал БҰҰ стандарттары бойынша бұл көрсеткіш кемінде 30 шаршы метр болуы керек.

Сарапшылардың пікірінше, бұл мәселенің объективті себебі бар. Бұл – жылжымайтын тұрғын үйге қолжетімділіктің төмендігі. Осы ретте, ең аз рөл ипотекалық несиелерге тиеселі, тіпті әлемдік стандарттар бойынша оны қымбат деп санауға болады.

Ипотекалық нарықты ескере отырып, орташа мөлшерлеме басқа елдердегі ұсыныстармен салыстырғанда тым жоғары болып қалады. Осылайша, жыл сайынғы ипотекалық пайыздық мөлшерлеме рейтингінде әлемнің 104 елі арасында Қазақстан 15,83% көрсеткішпен төменнен оныншы орынға тұрақтады.

Қымбат тұрғын үй несиелері Ливияда (16,25%), Украинада (16,36%), Шри-Ланкада (16,89%), Беларусьте (18,75%), Өзбекстанда (21,37%), Иранда (22,12%), Түркияда (23,32%), Венесуэла (24,30%) және Аргентинада (53,21%) тіркелген.

Ең қолжетімді ипотеканы Жапонияда алуға болады. Бар болғаны 1,73% құрайды. Одан кейін Тайвань (1,77%) мен Люксембург (2,11%) орналасқан.