Қазақстандағы халық санағының соңғы деректері айтылды

0
533

Ең жоғары қамту Алматы қаласында тіркелген.


Қазақстандағы халық санағының соңғы деректері айтылды

ERNUR.KZ. 29 қазандағы жағдай бойынша халық санағымен елімізде 19 112 653 адам қамтылды, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте өткен халық санағы жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды.

Тұрақты тұратын азаматтардан басқа, елде уақытша болмаған халық (дипломаттар, студенттер, туристер) және біздің елімізде жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар қайта жазылады", – делінген ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ең жоғары қамту Алматы қаласында тіркелген. 1 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте 2 005 496 адам тұрақты тұрды. Онлайн-санақ пен сауалнаманың аралық қорытындысы бойынша қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 2 188 603 адамды құрайды.

Санақ аясында халыққа сауалнама жүргізу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, өңірлерде халық санағы бойынша Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы көш бастап тұр.

Санақ жүргізудің динамикасы жоғары екенін көруге болады. Бірақ жұмыс аяқталған жоқ, 100% қамту бойынша тапсырманы орындауға барлық мүмкіндіктер бар, – деп атап өтті Смайылов.

2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтуде. 8 қарашада нақты санымыз анықталатын болады.