Қазақстандық арулар тездетіп күйеуге тиюдің тың әдісін ойлап тапты

0
3 450

Күйеуге шыққысы келетін қыздар таксист жігіттерге ұсыныс тастай бастады.


Қазақстандық арулар тездетіп күйеуге тиюдің тың әдісін ойлап тапты

Қазақстандық арулар тездетіп күйеуге тиюдің тың әдісін ойлап тапқан тәрізді. Соңғы күндері желіде таксист жігітпен шаңырақ құруға ниет білдірген қыздардың қарасы күрт артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сүйем-күйем дегенің де, қалың малды бергенің де, гүлді сыйлағаның, кездесуге шақырғаның керек емес! Иә, таңғалмаңыз. Оң босағада отырып қалған арулар, тұрмысқа шығудың тың тәсілін тапқан тәрізді. Амалсыз.

Такси қызметін ұсынатын танымал қосымшаны танысу сайтына айналдырған нәзік жандардан жаңа тренд. Мекен-жайды жайына қалдырып, "қайда?" деген сұраққа "байға" деп жауап қататын болған. Бастаманы қазірдің өзінде мыңдаған бұрымды қостап, таксист жігіттерге ұсыныс тастапты.

Алайда, тренд құмар арулардың арасында тұрмыс құрғандар бар ма, жоқ па, ол жағы беймәлім. Өкініштісі, кейбірінің үмітін қосымша да ақтамапты.

Дегенмен, арулардың сөзінше, күйеу іздеп жатқан олар жоқ. Көбі "ішім пысып, қайталап көргім келді" деп ақталып жатыр. Алайда білетіндер, әр әзілдің астары бар дейді.

Жанар Сейітмағамбет, психолог:

Бір шындықпен айта алмаған айқайын, әзілмен айтып жатады көбі. Мүмкін сондай да бір отырып қалған қыздардың сигналы ма деп те түсінем", деп

Алайда, қалжың екенін қайдам, жігіттер арулардың бұл "сигналын" шын деп қабылдауы да мүмкін. Сондықтан әзілді де абайлап жеткізу керек дейді заңгерлер. Телефон номері мен мекен-жайды желіге ашық жариялау, түбі жақсылыққа апармасы анық деп ескертіп отыр.

Ботагөз Алпысбаева, заңгер:

Әр қолданушы түсінуі керек, қандай нәтижеге апаратының бұл іс-әрекеттері. Мүмкін алаяқтарға қолайлы болуы мүмкінсол себептен құқық бұзушылықты болдырмау үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмау үшін осындай әзіл ретінде іс-әрекеттерді ойлап жасау керек.

Қызығы, бұған дейін желідегі кез-келген жаңашылдықты жастар батысқа еліктеп жасаған болса, бұл жолғысы отандастырымыздың өз ойынан шыққан бастамасы екен. Бейресми дерекке сүйенсек, елде 700 мың бұрымды оң босағада отырып қалған.