Қазақстандық әскерилер Ливандағы бітімгершілік миссияға дайындалуда

0
1 308

БҰҰ-ның мандатына сәйкес қазақстандық бітімгершілік бөлімше Ливанда жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру функцияларын орындайды.


Қазақстандық әскерилер Ливандағы бітімгершілік миссияға дайындалуда

ERNUR.KZ. 120 қазақстандық әскери қызметкер Ливан Республикасына бітімгершілік миссияға аттануға дайындалып жатыр, деп жазады 24.kz.

БҰҰ-ның мандатына сәйкес қазақстандық бітімгершілік бөлімше Ливанда жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру функцияларын орындайды. Бұл – еліміздегі екінші бірлескен бітімгершілік рота. Олар Іле полигонында бітімгершілік қызметте тәжірибелері бар арнайы мамандардан, офицерлер мен сержанттардан сабақ алуда. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскерилердің дайындық барысымен танысты.

Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі: – Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі осындай бітімгершілік іс-әрекетті белсенді дамытып жатыр. Бұл – үлкен маңызды іс. Өйткені олар Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы міндеттерін орындап жатыр. Ол үлкен сенім, үлкен абырой.