Атырау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар кеңесітігі» жобасы іске асырылып жатыр.
Мобильді қоғамдық кеңістіктер Түркістан, Атырау облыстарының ауылдарында, сондай-ақ Алматы қаласының маңындағы аудандарда жұмыс істемек деп, хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі ақпарат ұсынды.
«Жоба аясында біз ауыл жастарына ерекше көңіл бөлеміз. Жастардың облыс орталықтарына жетуіне қиындық келтірмеу үшін біздің жаттықтырушылар өңірлерді өздері аралайтын болады. Ауылдарда біз жастарды бағдарламалау, мобилография, СММ, актерлік шеберлік сияқты сұранысқа ие мамандықтарға, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқытамыз. Жалпылай алғанда, Түркістан және Атырау облыстарына қарасты 10 ауылдың 200 – ден астам жас тұрғынын оқыту курстарымен қамтуды жоспарлап отырмыз», – дейді жоба жетекшісі Ербол Кеңгербаев.
«Біз ескі отбасылық дәстүрлерді жандандырғымыз келеді. Біз барлық отбасы мүшелерін аулаларды абаттандыру, құс үйлерін орнату сияқты іс-шараларға қатыстырмақпыз. Уақытты осылайша бірлесе өткізу отбасы институтын дамытуға жағымды әсер етеді, экологиялық тұрғыда хабардарлықты арттырады, отбасылық-мәдени демалыстың дамуына ықпал етеді деп сенеміз.