Видеороликте блогер тек жалауды ғана емес, балаларға арналған ойыншық – попитті де өртейді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық блогер Мерей Жолшы ЛГБТ жалауын өртеп, оның видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Жас жігіттің әрекеті желі қолданушыларын екіге бөлді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Видеороликте Мерей Жолшы тек жалауды ғана емес, балаларға арналған ойыншық – попитті де өртейді.
«Ермен ердің, әйелмен әйелдің жұп болуы кез келген дінде жек көрілген амал. Аллаһтың лағынетіне ұшырағандарға біздің текті елде орын болмауы қажет. Себебі, қазақтың мықтылығы – тектілігінде», - деп жазды блогер өзінің Instagram-парақшасында.
Мерей Жолшының бұл видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бір тәулікке жетпейтін уақытта видеоға 400 мыңға жуық адам «лайк» басып, 15 мыңдай коммент жазылды.