Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуде жеңіске жетті

0
616

26 жастағы Лукас үшін бұл кәсіби рингтегі төртінші жекпе-жек болды.


Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Ыстамбулдағы (Түркия) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуде жеңіске жетті деп жазады Stan.kz.

Спортшының қарсыласы мексикалық Ана Аррасола болды. Жекпе-жек әрқайсысы екі минуттық 10 раундқа есептелді. Кейін төрешілер жеңісті Лукасқа берді.

Нәтижесінде қазақстандық жекпе-жекте бақ сынаған WBC International тұжырымы бойынша бос титулды жеңіп алды.

26 жастағы Лукас үшін бұл кәсіби рингтегі төртінші жекпе-жек болды. Боксшыда төрт жеңіс бар. Оның екеуі нокаутпен. Ал 43 жастағы Аррасоланың 28 жеңісі, үш тең ойыны және осымен 17-ші жеңілісі бар.