Қазақстандық диқандарға 5 пайызбен несие беріледі

0
2 449

Наурыз айының басында Аграрлық несиелік корпорация «Keң дала» бағдарламасы бойынша егіс және жинау науқанын қаржыландыруды бастады.


Қазақстандық диқандарға 5 пайызбен несие беріледі

ERNUR.KZ. Шаруаларға көктемгі егістік жұмыстар үшін жеңілдетілген несие берілмек, деп жазады ҚазАқпарат.

Наурыз айының басында Аграрлық несиелік корпорация «Keң дала» бағдарламасы бойынша егіс және жинау науқанын қаржыландыруды бастады. Осы мақсатқа орай республикалық бюджетінен 70 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат жеңілдетілген несие түрінде қазақстандық фермерлерге қол жетімді.

Бүгінгі күні 518 фермерлер жалпы сомасы 31,5 млрд теңгеден астам несие алды. Алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі 5% -дан аспайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 24,8 млрд теңге құрайтын 1 129 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несиелік өтінімдері мақұлданды.