Қазақстандық емші Ресей басшысы қашан өзгеретінін айтты

0
714

​Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесова Ресей мен Украина арасындағы жанжалдың соңы неге ұласатынын айтты. Оның жорамалынша, Ресейді көп қиындық күтіп тұр.


Қазақстандық емші Ресей басшысы қашан өзгеретінін айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы емші әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп жазады Экспресс К.

Танымал емші "Қасіретті қаңтар" оқиғасынан кейін түс көріп, оны әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, халыққа айтқан. Емші түсіндегі оқиғалардың шындыққа айналып келе жатқанын, Ресей соғыста жеңсе де, қиындықтарға тап болатынын парақшасына жазған.

"Екі күн келісімге жиналды. Бірақ ештеңе шешкен жоқ. Ресейдің өз бетінен қайтпағанын көрдім. Бірақ екі айдан кейін орыстардың өз елінде қарсылық шеру басталады. Алты айдан кейін басшылары өзгеріп, жаңа басшы қайта абыройын жинауға асығады", дейді сынықшы.

instagram.com/bagdagul_synykshy


Сонымен қатар, танымал емші "бұл қиындық көпке созылмайтынын, орыстар көрші мемлекетпен қалай сөйлесуді үйренетінін" жазған. Алайда сынықшы жазбасын кейін өшіріп тастаған.

Бұған дейін белгілі емші соғыстың қай уақытта бітетінін айтқан болатын. Сондай-ақ келесі Президенттің кім болатынын және омикрон штамының қашан кететінін де болжаған еді.