Итті алғаш рет Алматы тұрғыны 18 желтоқсанда байқапты.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Шамалған ауылындағы итті танымал Хатико итімен салыстырды. Ол қайтыс болған иесінің моласын 2 ай бойы күзеткен. Бұл оқиға туралы Алматы облысының тұрғындары мен еріктілер айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.
Ит туралы алғаш рет Алматы тұрғыны Александр Вогау айтқан. Ол оны 18 желтоқсанда байқапты. Ер адам итті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
"Достар бұл иттің адалдығына қараңдаршы. Адамдар үйренуі керек. Осыдан 10 күн бұрын қар жауды, ал бұл жер құрғақ екен. Ол бұл жерді күзетіп отырған сияқты", - дейді видеоның авторы.
Александр Вогау зиратқа досын жерлеу үшін барғанын айтты.
"Мен молада 3 күн болдым. Осы уақытта ол иесінің қабірін күзетіп отырды. Оған барып, тамақ беріп жүрдім. Бұл адамдарға үлгі. Ит иесіне адал екен. Сондықтан оның жанынан жай өтіп, кете алмадым. Оны суретке түсіріп тамақтандырдым. Менде 3 ит бар. Әйтпесе, өзіммен бірге алып кетер едім. Иттің иесі зираттың шет жағына жерленген. Онда үнемі жел соғып тұрады. Ит жылынғысы келсе, басқа жерге барар еді", - дейді Вогау.
Оның айтуынша, моладағы күзетші итті 1,5 ай бойы көрген. Алайда оған мән бергемен, бірақ тамақ беріп жүрген.
Осы уақытта Қазнетте осы ит туралы басқа видео жарияланды.
"Белый Бим" мекемесінің еріктілері "Қазақстандағы Хатико" туралы білген. Олар иттің денсаулығын тексеріп, жаңа қожайын тауып беру үшін оны өз қамқорлығын алыпты.
Еріктілер иттің иесі мен "Қазақстандағы Хатико" туралы білу үшін молаға барған.
Жергілікті тұрғын еріктілерге иттің 2 ай бойы қайтыс болған иесінің қабірін күзеткенін растады.
"Мен оған нан әкеп беріп жүрдім. Оған көп тамақ берілмегені байқалатын. Алайда зиратқа келген адамдар оған тамақ беріп жүретін. Бұл иттің тек бір қожайыны ғана болды", - дейді ол.
Еріктілердің айтуынша, ит өте ақылды.
"Бұл ұрғашы ит. Тісіне қарағанда 2 жаста сияқты. Оның қолға үйретілгені байқалады. Кейбір бұйрықтарды біледі. Қарғыға үйренген, үнемі жаныңда жүреді. Біз молаға бара салысымен ит иесінің қабіріне қарай жүгіре жөнелді", - дейді ерікті Наталья.
Жануарларға арналған мекеменің еріктілері "Қазақстандағы Хатикоға" жаңа қожайынды іздеп жатыр.
"Қазір біз оны уақытша орынға апара жатырмыз. Ертең оны мал-дәрігерлік клиникадағы маман қарайды. Кейін ол біздің мекемеге барады. Оның жаңа иесі тез табылады деген үміттеміз", - дейді ерікті.