Қазақстандық Мария Агапова UFC ұйымында екінші мәрте жеңіліс тапты

0
654

Айқастың бірінші раундының көп бөлігі украиналық спортшның басымдығымен өтті.


Қазақстандық Мария Агапова UFC ұйымында екінші мәрте жеңіліс тапты

ERNUR.KZ. Лас-Вегас қаласында өткен UFC 272 турнирінде қазақстандық Мария Агапова (10-3) украиналық Марина Мороздан (11-3) жеңіліп қалды, деп жазады Tengrinews.kz

Турнирде отандасымыз екінші раундта сабмишинмен жеңіліп қалды.

Айқастың бірінші раундының көп бөлігі украиналық спортшның басымдығымен өтті. Әсіресе Мороз партерде өте белсенлі болды. Бірінші кезеңнің өзінде Марина қылқындыру әдісін жасауға ниетті болған еді. Бірақ Агапова қарсыласқа бұл әдісті жасатпады.

Екінші раундта да украиналық бірден басымдықты өз қолына алды. Ол бірден тейкдаунмен бастады. Сөйтіп партерде қазақстандық спортшыға бірақ соққыларын дарыта білді. Ал раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Мороз қылқындыру әдісін сәтті іске асырды. Осы сәтте Агапова берілді.

Осылайша отандасымыз UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіліс тапты.

30 жастағы Мороз болса бесінші жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде үш жеңіліс бар. Соңғы мәрте Марина осыдан екі жыл бұрын жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, турнирдің басты айқасында жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық файтерлер Колби Ковингтон (16-3) мен Хорхе Масвидаль (35-15) кездеседі.