Марапаттау рәсімі Құрылысшылар күні қарсаңында Манеж көрме залында Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің қатысуымен өтті.
ERNUR.KZ. Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде "Қазақстан" павильоны "Құрылыс саласындағы ең үздік іске асырылған жоба" байқауының "Мәдени мұра нысанын заманауи пайдалануға бейімдеу және реставрациялау" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп жазады sputnik.kz.
Марапаттау рәсімі Құрылысшылар күні қарсаңында Манеж көрме залында Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің қатысуымен өтті.
Байқау 2000 жылдан бері Мәскеудің қала құрылысы саясаты департаментімен өткізіліп келеді және ол ресейлік астанадағы ең беделді кәсіби марапаттардың бірі болып саналады.
Бұл жолы байқауға 2021 жылы пайдалануға берілген 107 жоба қабылданды. Қатысушылар құрылыстың негізгі бағыттарын қамтитын 12 номинация бойынша ұсынылды: ол тұрғын үй ғимараттары мен медициналық және білім беру мекемелерінен бастап көше-жол желісі нысандары, метрополитен құрылысы, мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру және заманауи пайдалануға бейімдеуге дейінгі бағытты қамтыды. Жеңімпаздарды құрамына саладағы білікті мамандар кіретін сараптамалық кеңес пен қалалық конкурс комиссиясы анықтады.
Еске салсақ, Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі "Қазақстан" павильоны 2021 жылдың соңында ауқымды жаңғыртудан кейін ашылды. Реставрация барысында оған ХХ ғасырдың ортасындағы тарихи көрінісі қайтарылды. Желтоқсан айында ол Мәскеу үкіметі ұйымдастырған "Мәскеу ретаврациясы – 2021" байқауының лауреаты атанып, шілдеде реставрация ісіне қосқан үлесі және іс-шарадағы белсенділігі үшін Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің Алтын белгісімен марапатталды.