Жер сілкінісі Алматыдан 800 шақырымнан астам жерде болды.
ERNUR.KZ. 3 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 15:51-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп жазадыды inbusiness.kz.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 878 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13,8. Магнитудасы - MPV 5,6. Эпицентрінің координатасы - 37,00° С. 70,52 ° E. Тереңдігі - 200 км", - деп сейсмологтар хабарлаған мәліметте айтылған.