"Алтыншы бекет" көп сериалды фильмінде 2010 жылы Ақтауда қатаң режимдегі колониядан 21 тұтқынның қалай қашқаны туралы айтылады.
ERNUR.KZ. Болған оқиғаға негізделген қазақстандық "Алтыншы бекет" сериалы "ТЭФИ-Достастық" телевизиялық жүлдесін жеңіп алды, деп жазады sputniknews.kz.
Мүсіншені алу үшін сахнаға "Хабар" агенттігі" АҚ бас директоры Динара Бисембина мен басты рөлді сомдаған актер Сануржан Сүлейменов шықты.
"Алтыншы бекет" көп сериалды фильмінде 2010 жылы Ақтауда қатаң режимдегі колониядан 21 тұтқынның қалай қашқаны туралы айтылады. Ол кезде күзет бекетінде 19 жастағы қатардағы әскери қызметші Ербол Отарбаев тұрған. Ол қорықпай, бандиттерге қарсы тұрды.
Жеңімпаздар нәтижені жариялағанға дейін және одан кейін қандай сезімді бастан өткергендерін айтты.