Ұсталғандар қосымша тергеу үшін полицияға жіберілген.
ERNUR.KZ. Шекара қызметінің қызметкерлері Қазақстан азаматтығы мен өзге елдің азаматтығын алған 54 адамды анықтады, деп жазады Tengrinews.kz.
"2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өткізу пункттерінде қос азаматтығы бар тұлғалардың шекарадан өтуінің 54 дерегін анықтады. Құқық бұзушылықтың басым бөлігін Ресей, Түркия және Қытай азаматтары жасаған", - делінген ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, ұсталғандар қосымша тергеу үшін полицияға жіберілген.