Қазақстандық студентті Қытай адвокаты қорғайды – сыртқы істер министрлігі

0
1 050

СІМ Қытайда ұсталған қазақстандық студентке қатысты түсініктеме берді


Қазақстандық студентті Қытай адвокаты қорғайды – сыртқы істер министрлігі

ERNUR.KZ. Шанхай қаласындағы Қазақстан консулы есірткі сақтады деген күдікпен қамауға алынған студент Юлия Ходевамен кездеседі, деп жазады Sputnik.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осы жылдың 27 ақпанында ҚХР құқық қорғау органдары Қазақстан азаматы Юлия Ходеваны ұстаған. Ол есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген.

"Қытай азаматы саналатын адвокат қазақстандық студентті қорғайды. Сондай-ақ Юлия Ходеваның ата-анасымен байланыс орнатылды. Шанхайдағы Қазақстанның бас консулдығы аталған мәселені бақылауға алды. Осы аптаның соңына біздің консул уақытша ұстау изоляторына барып, Юлия Ходевамен кездеседі", - деді ол Астанада өткен брифингте.

Сонымен қатар Айбек Смадияров Юлия Ходева Қытайда оқып жатқанына 6 жыл болғанын, оның оқуды бітіруіне аз ғана уақыт қалғанын атап өтті.

"Ол консул есебінде болмаған. Сондықтан біздің қызметкерлер оның Қытайда оқып жатқаны туралы білмеген. Шетелдегі қазақстандық студенттерге консул есебіне тұруға кеңес береміз", - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-та 2019 жылдың 27 ақпанында Чжэцзян провинциясы құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан азаматы Юлия Ходеваны ұстағаны мәлім болған. Ол есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген.