Өзбекстан Республикасына Қазақстан аумағы арқылы келетін отандық тасымалдаушылар аталған өткізу пункттерінде өзбекстандық рұқсат қағазын электрондық түрде алатын болады.
ERNUR.KZ. Өзбекстандық рұқсат бланкілерін беруді одан әрі оңайлату мақсатында ҚР Көлік министрінің, Қаржы министрінің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өзбекстандық рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді, деп жазады inform.kz.
Пилоттық жобаға сәйкес, биыл сәуір айынан бастап Атамекен, Б.Қонысбаев, Қазығұрт, Қапланбек және Тәжен өткізу пункттерінде кеден органдары өзбекстандық рұқсат бланкілерін электрондық түрде бере бастайды.
Тасымалдаушылар «үшінші елдерге/елдерден» түріндегі рұқсатты алу үшін Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары арқылы CarGoRuqsat электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесін пайдалана алады. Ол үшін келесі құжаттардың болуы міндетті:
1) электрондық кезек жүйесінде тіркеу;
2) көлік құралдарына арналған құжаттар;
3) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз рұқсат куәлігі;
4) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз автокөлік құралдарына рұқсат карточкалары;
5) ҚР аумағынан кеткені үшін алым сомасының бюджетке төленуі.
«Аталған механизм тасымалдаушыларға Өзбекстан Республикасымен жүк тасымалдауды жеңілдетуге және кезектегі орындармен әрі рұқсат бланкілерімен алыпсатарлықтың алдын алуға мүмкіндік береді деп күтілуде», - делінген Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өзбекстан Республикасына Қазақстан аумағы арқылы келетін отандық тасымалдаушылар аталған өткізу пункттерінде өзбекстандық рұқсат қағазын электрондық түрде алатын болады.