Қазақстандық университеттерде оқу ақысы қымбаттайды

0
869


Қазақстандық университеттерде оқу ақысы қымбаттайды

ERNUR.KZ. 2025 жылдан бастап елімізде оқу ақысы қымбаттайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.


«Біріншіден, 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясын 2 есе өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2025 жылдан келесі кезеңге стипендия тағы осынша артады. Сондықтан бюджеттегі тиісті қаржы көлемін ескеру керек. Біз біртіндеп грант құнын арттырамыз. Себебі, жоғары оқу орындары стипендия мен оқытушылардың жалақысын өсіруге мүмкіндік берілуге тиіс. Екіншіден, барлық студенттің халықаралық цифрлық кітапханаларға тегін қосылуына жағдай жасау қажет. Бұл білім алу үшін маңызды», - деді министр.

Сондай-ақ, өткен жылғы жетістіктерді жіпке тізген Саясат Нұрбек үш университет Times Higher Education рейтингіне енгенін, шетелде қазақстандық жоғары оқу орнының 3 филиалы ашылғанын атап өтті.