Қазақстандық жас өнерпаз Чехияда «Бриллиант дауысты әнші» атанды

0
1 088

Ал 16 жастағы өнерпаздар арасынан Арайлым Берік бірінші орын алды.


Қазақстандық жас өнерпаз Чехияда «Бриллиант дауысты әнші» атанды

ERNUR.KZ. Чехия астанасы - Прага қаласында өткен халықаралық «Diamond voice» конкурсынан қызылордалық өнерпаздар табысты оралды, деп жазады ҚазАқпарат.

Халықаралық конкурста 16 жастағылар арасында Арайлым Берік бірінші орын алды. Ал 8-12 жастағы сайыскерлер арасында Дінмұхамед Төлеубай «Бриллиант дауысты әнші» атанды.

Қос өнерпаз Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жанындағы балалар студиясында тәлім алады. Балалар студиясына ҚР еңбек сіңірген әртісі Қарагөз Ақдәулетова жетекшілік етеді.