​Қазақстандық жігіт ақысына «біреудің әйеліне тиісіп береді»

0
3 042

Түркістан облысы Мақтарал ауданының тұрғыны ерекше қызмет түрін ұсынатынын айтып, olx.kz сайтына жарнамасын қалдырған.


​Қазақстандық жігіт ақысына «біреудің әйеліне тиісіп береді»

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тойда қыздарға тиісіп, біреу үшін арақ ішетін жігіт өзін саудаға шығарды, деп жазады NUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтарал ауданының тұрғыны ерекше қызмет түрін ұсынатынын айтып, olx.kz сайтына жарнамасын қалдырған.

Нұрмұхамед есімді азамат қалдырған хабарландыруда түрлі жиындарңа барып, тапсырыс берушінің орнына "тойлап" беретінін жазған.

"Сіздің отырысыңыз, той немесе көп достарыңызбен жиыныңыз өтетін болса, бірақ онда "тойлатуға" құлқыңыз болмаса мені шақырыңыз. Жақсы әңгімелесіп, әдемі тілектер айтамын. Саясат, әйелдер мен аңшылық туралы да көп нәрсе білемін", - дейді ол.

Хабарландыру беруші спирттік ішімдікті көтеруге денсаулығы жақсы екенін және оның мөлшеріне сай бағаларын да тәптіштеп жазып қойған.

"Денсаулығым керемет, бауырды құдай бере салған.

Ішу: 50 грамм - 1000 теңге; 100 грамм - 3000 теңге; 0,5 литрлік бөтелке - 5000 теңге; 0.7 литрлік бөтелке - 7000 теңге; Ес жоғалтқанша ішу - 10 000 теңге.

Бірнеше күн бойы ішіп кету - 30 000 теңге", - деп нақтылап көрсетіпті ол.

Оған қоса "ерекше идеялы" жігіт тапсырыс бойынша басқа да қызмет түрлерін атқарып бере алатынын айтқан.

"Біреудің әйеліне тиісу - 15 мың теңге;

Бәстесу - 18 мың теңге", - дейді Нұрмұхамед.