​Қазақстандық журналист Алматыда өлі табылды

0
2 058

Айгерім Мұсаева 19 қазан күні жоғалған болатын.


​Қазақстандық журналист Алматыда өлі табылды

ERNUR.KZ. Продюсер әрі Hit TV арнасының журналисі Алматы қаласында өлі табылды, деп жазады sputniknews.kz.

Айгерім Мұсаева 19 қазан күні жоғалған болатын. Оның жоғалғаны туралы хабарды туыстары мен танымал қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы таратты. Журналистің өлгенін әріптестері растады.

Соңғы рет әйелді Алатау ауданы ХҚКО-дан көрген. Әзірге қалай көз жұмғаны белгісіз.

Марқұмның артында күйеуі мен екі баласы қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада журналист Ирина Бекетованы өзі үйінің подъезінде өлтіріп кеткен болатын. Кейін күдікті ретінде азаматтық некеде бірге тұрып жатқан күйеуі ұсталды.